Обучение в Китае
Гранты, скидки, стипендии
Обучение в Китае
Гранты, скидки, стипендии
9-11 сынып бітіруші және университет түлектеріне
— Грантқа түсу
— ҰБТ/ТКТ/емтихандарын тапсыру қажет емес
— Ағылшын / Қытай тілдерін білу керек емес
— Халықаралық деңгейдегі дипломға ие болу
— Қытайға шығарып салу/Жұмысқа орналастыру
9
ТМД елдерінің білім беру нарығында 9 жыл Қытайға студенттерді жіберу жөнінде халықаралық дәрежедегі компания
67
Қытайдың топ-университеттерімен эксклюзивті келісім-шарттар
3,285
Біздің бағдарлама арқылы 3258 адам грантқа ие болды
6
Қазақстан, Қытай, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде 6 офис жұмыс істейді
Сұраныс қалдырыңыз да Қытайда оқу туралы кеңес алыңыз
ШӘКІРТАҚЫ
Қытай ЖОО-ы шетелдік студенттердің біліміне үлкен қаржы бөледі. Сіз тамаққа және тұратын жеріңізге кететін шығындарды жаба аласыз.
ТӘЖІРИБЕ
Мамандығыңыз бойынша оқу орнын бітіретін кезде,сіз міндетті түрде Қытайдың бейімделген компанияларынан өндірістік тәжірибеден өтуіңіз қажет.Белсенді студент жұмыспен қамтамасыз етіледі.
ХАЛЫҚАРЫЛЫҚ ДИПЛОМ
Қытай университетін аяқтағаннан кейін,сіз мемлекеттік үлгідегі халықаралық дипломға ие боласыз. Қазақстанның барлық университеттері Қытай үкіметімен тығыз байланыс орнатқан.
4. ӘУЕЖАЙДА ҚАРСЫ АЛУ
5. ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСТЫРУ
6. КУРАТОРДАН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ КӨМЕК АЛУ
Қазіргі таңда дүниежүзі жастарының Қытайда білім алуға деген құштарлықтары күннен-күнге артып келеді және қызығушылықтарын арттыруда. Қытай тек АҚШ пен Ұлыбританиядан кейінгі орынды иеленсе де, Қытайда білім алғысы келетін жастардың саны азаяр емес.Англия,Германия,Чехия және АҚШ-та емес, Қытайда оқығысы келетін қазақстандықтардың саны өте көп. Қытайда білім алу несімен қызықты және білім алу жүйесі қандай? Бұл жөнінде әрі қарай толықтырып айтатын боламыз. Қазақстандықтар үшін Қытай елінде білім алудың бірінші себебі-қытай тілін 100 % меңгеру және табысты мансапқа жету. Бұл жерде табысқа қол жетуді үш түрге бөліп қарастырсақ болады:
Қытайлықтардың шетелдік студенттерге деген қарым-қатынасын да айта кетсек болады. Басқа мемлекеттен келген студенттерді ұстаздар мен жергілікті студенттер қуана қарсы алады.Сондықтан,егер шетелдік студенттерге білім жағынан сұрақтар туындап жатса немесе кампуста бір түсінбеушіліктер болса,кімнен көмек сұрау керек екені айтпаса да түсінікті болар.
ҚХР-да шетелдік студенттерді қабылдайтын жүздеген ЖОО-ы бар. Олардың арасында беделді деген бірнешеуін атап өтсек.
Қытайда білім алу барлық адамға қолжетімді деп айтуға болмайды ,дегенмен Батыс Европа және АҚШ мемлекеттеріндегі оқу ақыларымен салыстырғанда, біршама арзан. Орташа есеппен шаққанда:
Нақты баға құны үш факторға байланысты:
Сонымен,медициналық білім алу Қытайда көп қаражатты талап етеді, педагогика, тарих, философия және құқық бойынша білім алу-қолжетімді .Оқу ағылшын емес, тек қытай тілінде жүргізілетін болса,екі есе арзанырақ болады.
Сонымен қатар,оқулықтар алуға да артық қаражат қажет болады.
Егер студенттің Қытайда білім алуға қаржылай жағдайы болмаса, бұл өз ойынан бас тарту деген сөз емес.Қытайда тегін білім алуға да болады.Ел үкіметі жастарға арнайы гранттар бөлуді,оның ішінде студенттердің шығындарын жартылай және толық төлеп беру жағын да қарастырған. Осындай гранттарға қазақстандықтар да ие болуда.Олар стипендияның үш түрініңбірін иемдене алады;
Қаланы дұрыс таңдау. Қаланың инфрақұрылымы мен экономикасына басты назар аудару керек. Өйткені,болашақта жұмысқа орналасу жағына көмегі тиіп қалуы ықтимал.
ЖОО таңдау.Қаладағы барлық университеттер жайлы ақпарат жинаңыз;сайттардан оқу орны жайлы пікірлердіоқыңыз, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу жөніндегі мағлұматтарымен танысыңыз,студенттік форумдарға қатысыңыз және әлеуметтік желілермен жұмыс жасаңыз.
Құжат дайындау.Өзіңіз қалаған грантқа жартылай немесе толықтай ақысыз қол жеткізу үшін,міндетті түрде мына құжаттарды жинап, тапсыру керек:
Құжаттарды Қытай елшілігі немесе тікелей ЖОО-ы арқылы тапсыруға болады. Стипендияға өтініштерді қабылдау қаңтар айынан басталып, наурыз немесе сәуір айының басында аяқталады. Нақты уақыты университеттерге байланысты өзгеріп тұруы да мүмкін, сондықтан осы кезең аралығында ЖОО-ын асықпай таңдасаңыз болады.
Біз 300-ден астам студенттерді Қытайдағы жоғары оқу орындарына грантқа түсуге көмек бердік, сіз де олардың арасына қосыла аласыз.
Сұраныс қалдырыңыз
Қызмет құны толығымен таңдалған университетке және оқу бағдарламасына байланысты. Сіз бұл ақпаратты біздің менеджерлерден біле аласыз
Визаны өзініңіз тұрғылықты жеріңіздегі кез келген визалық орталық арқылы жасауыңыз болады, алайда егер оған уақыт болмаса немесе ондай орталықтар (агенттіктер) болмаса, біз визаны рәсімдеуді өз мойнымызға аламыз.
Көптеген гранттық бағдарламалар үшін университеттер он жұмыс күні ішінде жауап береді, бірақ кейбіреулер үшін бұл кезең екі аптаға дейін созылуы мүмкін.
Әрине, біз көмектесеміз! Біз сізге қандай құжаттар қажет және олар туралы кеңес береміз және әрқашан оларды қайда және қалай жинау керектігін айтамыз.
Сәлеметсіздер ме! Менің атым Мақпал.Ақтау қаласынанмын.Нанкин Политехникалық Институтының 3-курс студентімін. Үш жылдың ішінде мен не үйрендім?Өзіме қажетті білімді ала алдым ба?Әрине, қытай тілінде 100 пайыз сөйлей де, жаза да аламын деп сенімді түрде айта аламын. Сапалы, жоғары білімді маман иесі болатыныма да күмәнім жоқ.Өзіме қажетті көптеген тәжірибе жинадым.Жалпы айтқанда, өзімді Қазақстанға керекті азамат ретінде көремін.Барлық білімім мен тәжірибемді Қазақстанға келіп жүзеге асырсам деймін. Институтта оқып жатқан барлық қазақстандық студенттердің арманы осы.Осындай тамаша мүмкіндік сыйлаған Panda Education компаниясына рахмет! Жұмыстарыңызға сәттілік!
Сәлем! Менің атым Санжар. Атырау қаласынанмын. Ханчжоу мұнай университетінің студентімін.Неліктен бұл университетті таңдадым? Өйткені, біз жанұямызбен мұнайшылармыз. Ата-анам да, атам да барлығы да осы салада қызмет еткен, қазір де жұмыс істейді. Менің де осы мамандықты таңдағанымды барлығы қалады. Әрине өзімнің де таңдауым осы болды. Осылайша менде осы дәстүрді жалғастырдым. Қазір барлық уақытым сабақ оқуға кетеді. Сабақ үлгерімім де жақсы. Оқытушыларым мені көп мақтайды.))))) Менің мақсатым- жақсы маман болып шығып, ата-анамның үмітін ақтау. Білімді маман болып елге оралу.Қазақстанға, туған жеріме келіп қызмет ету. Маған осындай мүмкіндік берген Panda Education компаниясына алғыс айтқым келеді.
Бәріңе сәлем. Менің атым — Ержан. Мен Ақтөбе қаласынанмын. Қытайда, Шанхай қаласында оқимын. Мен болашақта кім болғым келеді? деген сұрақ барлық жастарды мазалайтыны белгілі. Менің ойымша, әрбір адамның өмірінде ең бастысы, оның өмірі, сол өмірде қол жеткізгісі келетін мақсаттары болу керек және білімді, табысты адам болуды армандайды. Менде осылай арман жетегімен Қытайға оқуға келдім. Қазақстанға оралғанда, мен өзімнің компаниямды ашқым келеді, осылайша Қазақстанның дамуына және болашағына аз да болса өз үлесімді қоссам деймін. Неліктен Қытайды таңдадым? Қытай болашағы зор, ерекше мемлекет. Білімі, экономикасы дамыған ел. Ол Шығыс Азияның дамыған мемлекеттерінің ішінен алғашқы орында тұр. Қытайға оқуға түскеніме өкінбеймін. Panda Education компаниясы! Тек алға!
Сәлем! Менің атым Диана. Мен Жезқазған қаласынанмын. 11 сыныпты бітіргеннен кейін өзіме Қытайға оқуға түссем деп мақсат қойдым. Неге екенін білмеймін, кішкентай кезімнен Қытай елін ұнататынмын. Осы елге деген көзқарасым да ерекше болатын. Әкем маған қытай халық ертегілерін айтып беретін. Менің бала кезімде қытай ертегілері жайлы кітаптар аз болатын.Бірақ ата-анам сол кітаптарды тауып әкелген еді.))) Менің Қытайға оқуға түсемін дегеніме, әрине ата-анам қарсы болған жоқ.Осы жаққа баратыным онсыз да белгілі болатын. Сонымен интернеттен Қытайға оқуға жіберетін компанияларды іздей бастадым. Біраз компаниялармен таныстым. Осылайша Panda Education компаниясын көзім шалып қалды. Сайтқа кіріп, компания жайлы оқи бастадым. Өтініш қалдырдым. Әрі қарай оқуға дайындық процесі басталды. Университеттен шақырту қағазы келгенде, ата-анам, туыстарым барлығымыз қатты қуандық.Менің қуанышымда шек болмады.Кытайды өз көзіммен көремін деген ой)))) Қытайға барғанша күн санап жүрдім. Қазір Қытайда оқып жатырмын.Алғашқы арманыма қол жеткіздім. Қазір тіл үйрену курсындамын.Жақында HSK-4 тапсырамын. Енді бакалавриатқа түссем деймін.Ханчжоу қаласы маған қатты ұнайды! Жап-жасыл және тап-таза! Қаланы еш жатырқамадым. Тез үйрендім.Panda Education компаниясына, құжаттамалар бөліміне үлкен рахмет! Мен сіздерді жақсы көремін!))))
Сәлем! Менің атым Айсұлтан.Нанкин Политехникалық Университетінің 2 курс студентімін. Оқу орнына Panda Education компаниясы арқылы түстім. Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегімін. Нанкин қаласындағы Нанкин Политехникалық Университетінде оқимын. Мен мұнда студенттік өмір жайлы айтып бергім келеді, менің ойымша, мұнда шетел студенттері үшін ең жақсы жағдайлар жасалған. Оқу орнында әр елдің мәдениетін, тілін , дәстүрлерін біріктіру өте жақсы атмосфераны қалыптастырады. Кампустың жанында дүкен, мұсылман кафесі бар, тағамдары өте дәмді. Университет аймағында қонақ үйлер бар. Кешке біз қазақстандықтар, жиналып, шәй дайындаймыз.Әңгімелесеміз.Сабақ жайлы айтамыз. Бөлмеде тоңазытқыш, кондиционер, жуынатын бөлме бар бар. Мен Ганадан келген студентпен тұрамын, оның аты Мигель Екеуміз дос болып кеттік. Маған осындай мүмкіндік берген ата-анама рахмет.
Сәлем! Менің атым Рауан! Ханчжоу қаласында оқып жатырмын. Қазір мен тіл үйрену курсында оқып жатырмын. Қытай иероглифтерін жақсы меңгеріп қалдым. Сөйлей де, жаза да аламын.))) Достарым да өте көп. Шетелдік студенттермен де жақсы араласамын. Бос уақытымызда кинотеатрларға жиі барамыз.Қаланың жақсы жерлеріне серуендейміз. Достарыммен бас қосып, сабақ жайлы талқылаймыз. Бір-бірімізбен пікір алмасамыз. Бір сөзбен айтқанда, барлығы да маған ұнайды. Қала да, институт та.
Сәлем! Менің атым Сана. Чжэцзян қаржы және экономика университетінің 1-курс студентімін.Бұл оқу орнына Panda Education компаниясы арқылы түстім. Компанияға рахмет! Қазір сабағым жақсы, кытай тілін жақсы меңгеріп қалдым, сөйлей аламын.Қазіргі таңда мен туған қалам Алматыдамын.Бізде қазір қысқы демалыс.Ата-анам, туыстарым менің қытайша сөйлегеніме таң қалып, біржағынан қуанып жатыр.Аз мезгілдің ішінде уйренгеніме.Бұл менің жетістігім! Алматыға мен үшін қала жетпейді.Дегенмен, Ханчжоуды да қатты сағынып қалдым.))) Осы қалаға үйреніп қалыппын.Қала негізі Алматыға ұқсайды.Жап-жасыл!Жан-жағы таулар! Бір сөзбен айтқанда барлығы супер!
Сәлем! Менің атым Раушан. Мен Хэбэй Халықаралық Бизнес және Экономика Институтында екінші жыл оқып жатырмын.Институт мұғалімдері бір жылдың ішінде қытай тілін үйренуге көмектесті. Бұл қыста HSK 4 емтиханын тапсырсам деп ойлаймын. Әрине, мұның бәрі институттың және оқытушылардың арқасында. Маған көмектескен Panda Education компаниясына ризамын. Біз бәріміз университеттің жанында орналасқан жатақханада тұрамыз. Жатақханамыз өте жақсы, барлық жағдай жасалынған. Ішінде телевизор, кондиционер,төсек, барлығы жақсы жағдайда, бөлмеміз өте әдемі. Институтта мен сияқты шетелдік студенттер көп, сондықтан бізге мұнда өте қызық. Бос уақытымызда біз жиі бас қосамыз: қызықты фильмдер көреміз, оқыған кітаптарымызды айтамыз, шахмат ойнаймыз.
Сәлем! Менің атым Айжан. Семей қаласынанмын. Циньхуандао қаласында орналасқан Хэбэй Халықаралық Бизнес және Экономика Университетінің студентімін. Бұл оқу орнына 9-сыныптан кейін түстім.Бастапқыда Қытайға баратын ойымды ата-анама айтқанда, олар қарсы болды. Әрине, 15 жастағы мені шетелге жіберуге қорқасоқтады. Дегенмен, біраз ойланып, өз келісімдерін берді. Одан әрі құжаттар жинау, виза рәсімдеу т.б.. Осылайша менің студенттік өмірім басталып кетті. Қала туралы айтатын болсам. Циньхуандао Хэбей провинциясының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.Қаланың солтүстігінде Яньшань таулы қыраты, оңтүстігінде Бохай бұғазы, ал батыс бөлігінде — Пекин и Тяньцзинь орналасқан. Циньхуандао Хэбей провинциясының экономикалық дамуы жағынан орталық қаласы болып саналады.Сонымен қатар Яньшан университетінің қарамағындағы экспортты өңдеу мен ғылыми зерттеу саябағы бар. 2010 жылы Циньхуандао халықтың өмір сүруіне өте қолайлы қалалардың қатарына кірген.Қала өте тап-таза. Жан-жағы орман. Шетелден туристер көптеп келеді. Қытай бойынша ең таза қалалардың бірі. Бэйдайхэ курорты,Цзяошань тауы, Яньсай өзені, сафари саябағы барлығы осы жерде. Ұлы Қытай қорғаны да осы жерден басталады.Қаланың сұлулығын сөзбен жеткізіп айту мүмкін емес.Оның кереметін өз көзіңізбен көруіңіз керек! Сондықтан да, 9-сыныпты бітіруші түлектер! Хэбэй университетіне келіңіздер!
Сәлеметсіздер ме! Менің атым Артур. Хэбэй университетінің 1 курс студентімін.Мен жалпы институт жайлы мағлұмат беріп өтсем деймін. Институт Дайхэ өзені мен Бохай теңізінің жағалауында орналасқан. Институтта 400 ден аса қытайлық мұғалімдер, 20 шақты шетелдік ұстаздар білім береді.Және көптеген шетелдік стденттер оқиды. Жатақхана жайлы айтатын болсам, қонақүй тәріздес, шетелдік студенттерге арналған, ішінде керует, жұмыс столы, шкаф, жуынатын бөлме, асүй, кір жуатын машина, тоңазытқыш,микротолқынды пеші бар бөлмелер бар.Бөлмемізде интернет те орнатылған.Осындай жатақханаларда кез-келген сұрақтарыңызға жауап беретін консьерж бар. Жатақханадан оқу корпусына дейін 5-10 минутта жетуге болады. Ал курстастарыңмен бір бөлмеде тұру өте қызық. Сабаққа бірге дайындаламыз, үй тапсырмаларын бірге орындаймыз.Шетелдік студентпен тұратын болсаң, ағылшын тілінде сөйлеуге тырысамыз.Тілімізді жаттықтырамыз.Кампус аймағында асханалар көп.Сондықтан студенттер өзіне ұнайтын тағамдарды осы жерлерден таба алады. Қытай, мұсылман асханалары және тез дайындалатын тағамдар желісі де бар.Кампустың қасында футбол, баскетбол,волейбол, теннис және тренажер залдары орналасқан.Спортты жақсы көретіндер үшін барлық жағдайлар жасалынған.Бұл институтта оқыған маған қатты ұнайды. Panda Education компаниясына алғысым шексіз!!!!!
Made by PandaEducation Team