Обучение в Китае
Гранты, скидки, стипендии

Стипендия алу

Стипендии в Китае

Стипендия алу

Қазіргі таңда Қытайда білім алу өте танымалдыққа ие , былай деуіміздің де  барлық объективті себептері мен негіздері бар. Қытай экономикасы мен  өндірісі де тез дамып келеді, сонымен бірге білім беру бастамалары да жыл сайын  жаңа серпін алуда.
Қытай үкіметі  жоғары білімді тегін аламын деушілерге  жақсы   мүмкіндік беруіне байланысты,  Қытай елі бірден ғылыми-зерттеу және медицина саласында жаңалықтар ашуымен  әлемдік көшбасшыға айнала бастады. Әлемнің жас зиялы қауым өкілдері, Қытайда білім алып, осы елде тұрғылықты тұруға шешім кабылдауда. Әрине, Қытайдағы барлық жоғары оқу орындары ақысыз білім бере алмайды, өйткені бюджеттік орындардың саны шектеулі және жоғарыда аталғандардың бәрі ақылы негіз болып табылады. Бұл экономикаға негізделіп жасалынған тұжырым. Бюджетке негізі Қытайдың жергілікті тұрғындары түсе алады, ал шетелден келген студенттер көп жағдайда оқу ақысын төлеуге міндетті.

Қытай стипендиясы

Қытайда оқуға түсуге шешім қабылдаған студенттер үшін жақсы бонус бар.Ол-ай сайын алатын стипендия мен гранттар.Ол түрлі құрылымдармен төленеді:оған Қытай мемлекеті,білім беру ұйымдары мен әлеуметтік қорлар атсалысады. Осылай студенттердің өмір сүруіне жақсы жағдай жасалынады және азық-түлік,тұрғын үйге кететін шығындардың төлемдерін жабуға  көмектеседі.

Стипендия алудың шарттары

-Стипендияға үміткердің жасы. 25 жастан аспауы керек, егер бакалавриат сияқты білім беру бағдарламасы болса 35 жастан жоғары болмауы тиіс,  магистрант және студент 45 жасқа толмаған болса, ғылым докторы деңгейіндегі стипендияны алуға болады.

-Қытайдың ұлттық тілін жақсы меңгеру. Тиісті білімді растау үшін студент HSK-4 деңгейінен төмен емес  сертификатына  ие болуы керек. Дегенмен, бұл талап барлық қытай университеттерінде қолданылмайды.

-Оқушы барлық оқу кезеңінде жақсы оқып, үлгерімдері жағынан жетістіктерге  жету керек. Екі немесе үш пән бойынша сабақ үлгерімі төмендеу болса, студенттер стипендия алмайды.

-Университетке түсу кезінде студенттер медициналық тексеруден өтеді,кейбір ЖОО-ы студенттердің денсаулығына ерекше көңіл бөледі. Бұл стипендия беру туралы шешімнің пайдасына оң нәтиже беруі мүмкін.

-Қытайлық жоғары оқу орнының студентіне,оқу барысында материалдық қолдау көрсете алатын тағы бір жағдай- студенттің бірегей жоба жоспары немесе қызықты эмпирикалық тұжырымдарды зерттеген жұмыстары болуы керек.

Бір фактіні естен шығармау керек – шетелден келген студенттерге стипендия алуға мүмкіндік бар, бірақ осы қорларға салынған инвестициялардың басым бөлігі академиялық біліктілігін арттыратын студенттерге, яғни аспиранттарға бөлінеді.

Стипендия түрлері

Қытайдағы білім беру стипендиясыны қорының бірнеше негізгі түрлері бар :-Мемлекеттен берілетін стипендиялар. Бұл мемлекеттік білім беру қорларынан төленетін қаржылық ынталандыру.Олардың қатарында Қытайдың Білім Министрлігі тағайындаған стипендия(The Great Wall Fellowship Program), шетелдік студенттерге арналған стипендиялық бағдарлама(Chinese Government Scholarship Scheme), Қытайда оқитын Ресей студенттеріне белсенді қолдау көрсету мақсатында тағайындалған РФ Президентінің стипендиясы және т.б.

-Тәуелсіз стипендиялар. Соның ішінде, Erasmus + қоры ұсынған, студенттік серіктестік бағдарламасы бойынша берілетін стипендия, әйел ғалымдарды қолдау мақсатында,өткен ғасырда ЮНЕСКО ұйымы мен L’Oreal Cosmetics концерні құрған «Ғылым саласындағы әйелдер» жобасы бойынша тағайындалған.

-Қытай оқу орындарынан берілетін стипендиялар. Оның ішінде  Қытайдың мына университеттерін айтуға болады   : Сиань көлік университеті, Пекин мемлекеттік университеті, Шанхай университеті және көптеген басқа да университеттер. Стипендия мөлшерінде айырмашылықтар бар.
Мысалы, Сиань университетінде ай сайынғы төлем сомасы 1,700 юаньға тең болса, ал Хохэй университеті студенттерге   айына 1000 юань ғана болатын стипендиялар тағайындай алады. Магистранттар мен аспиранттарға арналған стипендия әлдеқайда жоғары.

 

Понравилась статья? Голосуй! ПлохоНормальноХорошоОтличноСупер
Loading...
Отзывы от наших студентов
Получите бесплатную консультацию
Заполните форму и мы свяжемся с вами

Наши контакты
8 727 327-27-10
8 700 314-10-20
8 700 316-10-20
info@pandaedu.kz

Адрес
г. Алматы,
Шевченко 165Б,
8 этаж, офис 808б

Часы
Понедельник—пятница: 9:00–17:00
Суббота и воскресенье: 11:00–15:00