Қытай медицина университеттері
Білікті дәрігерлерге деген қажеттілік жыл сайын өсіп келеді. Қытай Медициналық Университеті өз өмірін адамдарға көмек көрсету арқылы байланыстырғысы келетін студенттерге жақсы білім береді. Пекин университетінде білім алу жүйесі екі семестрге бөлінген. Медуниверситетке мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі және әрбір студент мемлекеттен көмек сұрай алады. Оқу орнында 15000-нан аса студент оқиды. Білім ордасына тек Қытай тұрғындары ғана емес, шетелдік студенттер де оқуға түсе алады.ЖОО-ы аймағында кітапхана мен спорттық кешен бар. Қытайда жоғары медициналық білім алу қазақстандықтар үшін бірқатар артықшылықтарды ұсына алады:
- Білім беру қытай, америка, үнді және ағылшын тілдеріндегі оқулықтармен оқытылады.
- Сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі.
- Студенттер іс-тәжирибелерін Қытай клиникаларында өткізеді.
Қытайда қалай дәрігер мамандығын алуға болады
Қытайда медициналық білім алу әр адам үшін қиындық туғызбайды. PandaEducation компаниясы ЖОО-на құжаттар жинауға және оқуға қабылданғаннан кейін студентті шығарып салуға көмектеседі. Егер сіз тіл білмесеңіз, бірақ өзіңіз қалаған университетке түскіңіз келсе, тілді тез үйрететін курстарды аяқтай аласыз.
Қытайдағы медицина университеттері әрдайым жоғары рейтингілерде тұрады, әр оқу орны жайлы қажетті ақпаратпен танысып болғаннан кейін, сізде ЖОО-нын таңдау мүмкіндігі бар:
-Цзянсу университеті. Кәсіби дәрігерлерді дайындайтын беделді университет -Шанхай университеті. Бұл оқу орны студенттерге клиникалық медицинаны үйретеді -Бэйхуа университеті. Ең үздік деген медицина қызметкерлерін оқытатын көпсалалы оқу орны. Қытай медицина университеттері халықаралық деңгейдегі диплом береді. Оқуды аяқтағаннан кейін, Қытайдың клиникаларында ғана емес, сонымен қатар басқа да елдердің ауруханаларында жұмыс істей аласыз.Кейбір медициналық университеттердің қарамағында өз клиникалары бар, сондықтан студенттер оқумен қатар тәжирибені де сол жерден бірден алып шыға алады.