Қытайдағы бакалавр

Бакалавриат в Китае

Қытайдағы бакалавр

Қытай ЖОО-да білім алсам дейтін жастардың саны жыл сайын артып келеді. Бұл елде бакалавр ғылыми дәрежесін алу- көптеген жастардың арманы. Жыл сайын, әсіресе еуразиялық аймақтан, жүздеген мың студент Қытай университеттеріне  қабылданады.Бакалавр — толыққанды білім беру курсын бітірген және тиісті академиялық ғылымның  барлық қажетті емтихандарын тапсырған студентке берілетін  халықаралық ғылыми атақ.
Қазіргі таңда, Қытай  жоғары оқу орындары дүниежүзіне танымал болып келеді. Шетелде білім алуды ұнататын әрбір алтыншы шетел студенті Қытайға таңдау жасайды екен.

Қытай бакалавриатының ерекшеліктері

Қытай- экономикасы мен әлеуметтік модернизмі қарқынды дамып келе жатқан ел. Білім саласына да соңғы жылдары көптеген өзгерістер енгізіле басталды. Кейінгі жылдары Қытай табысты түрде жүзеге асырылып келе жатқан білім серіктестігіне аса мән беруде.
Бүгінгі таңда қытай жоғары білім беру ғылымы  теориялық базамен бірге өте жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатын  зерттеу бағытын ұстанып келеді. Қытай университеттері Батыс университеттерімен  тәжірибе алмасып, көптеген зертханалар мен эмпирикалық зерттеулер бөлімдерін құрудың ерекшеліктерін игеруде. Қазір тәжірибе мен білім алу, Қытай ЖОО-да  қатар жүреді.Оқушылар теориялық тұрғыда ғана емес, пәндік түрде де оқуға тырысады. Қазіргі кезде бұл жүйемен тек Еуропа мен АҚШ қана жұмыс істемейді,  Қытай университеттері де кеңінен қолданысқа кіргізе бастады.Оқу мерзімі барлық жерде бірдей: әдеттегідей бакалавриатта білім алу 4-жыл. Курс екі семестрден тұрады-біріншісі қыркүйек айынан басталып, қаңтарда аяқталады. Екіншісі-ақпан айында басталып, маусымның аяғы мен шілденің басында аяқталады. Тағы бір айта кететін жайт-қытайлықтар мектепте 12 жыл оқиды.

Назар аударыңыз: Қытайда бірқатар елдермен келісімдер жасалынған,  орта білім туралы сертификаттар, сондай-ақ басқа да білім беру құжаттары мен дәрежелері әріптес елдердің аумағында, сондай-ақ тікелей Қытайда заңды болып табылады. Мысалы, Қытай бұрынғы КСРО мен Ресейдің бірқатар елдерімен осындай  келісімге келген.




Қытайдағы ағылшын тіліндегі бакалавриат

Қытайда жоғары білім алу үшін, қытай тілін жетік меңгерудің аса қажеттілігі жоқ. Әрине, ол елдің тілін білу-студент үшін жақсы, бірақ ағылшын тілінде де академиялық білім алуға мүмкіндік бар. Егер сіз Қытайда жоғары білім алғыңыз келсе, бірақ қытай тілін білмесеңіз,онда бағдарламалары ағылшын тілінде жүргізілетін ЖОО-ын таңдағаныңыз дұрыс.  Оқу орнын бітіргеннен кейін, студент Қытай Университетінің де дипломына ие бола алады. Харбин политехникалық университеті  бакалавриатты қытай және ағылшын тілдерінде ұсына алады. Бұл университет әлем бойынша жеті үздік техникалық университеттерінің қатарында кіреді, мұнда әртүрлі қолданбалы өндірістің  ең кәсіби инженерлерін дайындап шығарады. Университетті бітіргеннен кейін, студенттердің беделді қытайлық компанияларда, оның ішінде ZTE, LG және т.б жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.

Қытайдағы орыс тіліндегі бакалавриат

Қытайда білім алғысы келетін   ресейлік студенттер де, кез келген басқа да ұлттың студенттеріне берілетін мүмкіндіктерге ие. Олар білімді университеттерде де, институттарда да, түрлі оқу орындарындағы тілдік курстардан да ала алады. Түрлі форматтағы білім кластерлері  үлкен қалаларда және шағын аудандарда да бар.

Ана тілі- орыс тілі болып саналатын студенттерді оқыту әдістемесі келесідей: бірінші жылдары және  алғашқы екі жылдық оқу барысында орыстілді студенттер қытай тілін түрлі ұлт өкілдерінен тұратын топпен бірге оқиды. Алғашқы күндері оқытушылар олармен тек қытай тілінде сөйлеседі, қажеттілік туындап жатса ағылшын тілінде де қарым-қатынас орната алады.





Бұны бақылаулар мен түпкілікті нәтижелерге сәйкес жұмыс істейтін «шок-терапия» әдісі деп айтуға болады.

Нәтижесінде, бір жылдан кейін, студенттерді тіл үйрену деңгейін бағалайтын емтихандар күтеді. Содан кейін студенттер өздері таңдаған  кәсіби профильде оқуға мүмкіндік алады.

Содержание статьи

Хотите обучаться в Китае?  Оставьте заявку и мы вас проконсультируем