Қытайда білім алу
Дүниежүзілік педагогикада тұрақты қалыптасқан пікір орын алған; балаға бірнәрсені үйрету үшін, жетістіктер мен үйреншікті дағдыларды көрсетудің өзі жеткілікті. Бұл тек бір ғана жағдайда орын алмауы тиіс. Жахандық, қоғамдық мағына тұрғысында қарайтын болсақ, мемлекеттік жүйелердің жұмыс істеу деңгейінде де осындай нәрсе орын алады. Адамды өмірде табысқа жетелеуге үйрету үшін, нақты мысалдармен көрсету керек екенін түсіндіретін заңдар бар.
Қытай- экономикасы және көптеген басқа да салалары тез дамып келе жатқан ел болып табылады. Жаңа онжылдықтарда Қытай, көптеген елдерге ресурстардың жинақталуы көбейіп, адамдардың жақсы өмір сүру мен әрі қарай да дамуға болатынын, интеллектуалды базаның тереңдей түсіп, кең тарала басталғанын дәлелдей бастады.
Қазіргі заманда мемлекеттің экономикалық өнімділігі, қоғамның білім беру және ғылыми салаларына тәуелді екенін дәлелдеп беруде.
Расында да, қазіргі заман талабына сай мемлекеттердің басым көпшілігі, мемлекеттік тапсырмалар спектрінде зерттеу бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетпеуде. Бұл елдердің қатарына Қытайдың ешқандай қатысы жоқ. Қытай басшылығы бұл тұрғыда білім беру үрдістерінің маңыздылығын жақсы біледі,айрықша назар аударады, барынша қолдау көрсетеді. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, АҚШ пен Жапония жыл сайын ғылыми-зерттеу секторына 5-7 пайыздық инвестиция салып отыр.Қытай үкіметі жылдан жылға ғылымның дамуына барлық заманауи жаңа инвестициялық ағымдарды жұмылдыруда. Қытайдың мемлекеттік инвестицияларының өсуі жыл сайын 15-17% -ға артуда. Соңғы жылдары Қытайға әлемнің көптеген елдерінен білім алу немесе тәжірибеден өту үшін келетін студенттерінің саны тұрақты түрде артып келеді. Бұл бұрынғы КСРО елдерінің жастарына да қатысты. Қытай үкіметі шетел және қытайлық студенттердің білім беру саласындағы кез-келген ынтымақтастығына барынша қолдау көрсетуге дайын. Қытайға жақсы білім іздеп келген студенттердің артықшылығын бірнеше мысалдармен анықтай аламыз:
Сапалы білім
Соңғы жылдары әлемнің барлық елдерінен, Қытайға білім іздеп келген жастардың саны артып келеді. Бастысы, Қытай университеттері мен институттарында сабақ ағылшын тілінде өтетін болғандықтан, студенттің ағылшын тілін жақсы меңгергені шарт. Қытай тілін білу де артық болмайды, кейде міндетті түрде білу қажеттілігі де туындап жатады. Бүгінгі таңда, Қытайда білім алудың ең басты шешуші факторы, бұл ел 70-тен астам мемлекетпен білім алмасу,жетілдіру саласы бойынша тығыз қарым-қатынас орнатқан. Жыл сайын, Қытайға басқа да мемлекеттерден үш жүз мыңнан аса студент келіп кетеді. Сонымен қатар, Қытай ғылым мен білімнің дамуына ерекше назар аударады. Оның дәлелі, америкалық ЖОО-мен, оның ішінде Стэнфорд университетімен серіктес болуы. Қытайдың лауазымды қызметкерлері өз елінің білімі мен ғылымында болып жатқан өзгерістерге баса назар аударып, бақылауларында ұстап отырады. Олар үшін маңызды мәселе, академиялық кеңістіктің кеңеюі мен жаһандануы. Қытай университетіне оқуға түскен студент, нәтижесінде алған білімінің сапасына сенімді бола алады.
Қытай студенттерінің болашағы
Жаңа дәйектерге сүйене отырып жасалынған статистикалық деректер бойынша, Қытайда бұрын-соңды болмаған экономикалық прогрестер қарқынды дамуда. Өндірістердің дамуы бойынша, көп жылдар бойы осы салада көшбасшы болып келе жатқан Жапонияны да басып озды. Сондықтан мұнда оқитын студенттер өздерінің дағдылары мен білімдерінің арқасында Қытайда жұмыс таба алатындарына да өте сенімді. Университетті бітірген шетелдік студенттер,егер Қытайда қалып жұмысқа орналасқысы келсе, онда міндетті түрде қытай тілін меңгеріп,осы елдің мәдениеті мен сал-дәстүрін де жақсы білуі керек. Сонда ғана шетелдіктер өздерін өз жерінде жүргендей емін-еркін өмір сүре алады. Егер Қытайда ЖОО-ын бітірген студент, дүниежүзінде өз филиалдары бар ірі компаниялар мен фирмаларға жұмысқа орналасқан жағдайда, студентке әлемнің кез-келген жеріне барып, жұмыс таба алатынына жақсы мүмкіндік туындайды. Қытай университетінде оқитын болсаңыз,болашақта жақсы табысты жұмысқа орналасқыңыз келсе,онда сіз осы елдің тілін жетің меңгеріп, осы бірегей мемлекеттің атмосферасын түсініп, теориялық және практикалық білімін жақсылап бойыңызға сіңіруіңіз қажет болады.
Қолжетімді баспана
Қытайға келіп, қалаған университетке түстім,осымен барлығы шешілді деуге әлі ерте.
Шетелдік студенттердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне ешқандай кедергі жоқ, себебі басқа елдерде қарағанда әлдеқайда қолжетімді.Ұлыбритания мен АҚШ-та білім алып жүрген студенттерге арналған тұрғын үй бағасы Қытайға қарағанда бірнеше есе қымбат. Қытайда білім алсам дейтін студенттер осы жағдайды ескеру керек, яғни кететін шығындардың бірі осы тұрғын үйге қатысты. Қытайда тұрғын үй ғана емес, қоғамдық көлікпен жүру де, азық-түлік бағасы да өте арзан. Пәтерді немесе бөлмені жалға алу құны да өте төмен,шетелдік студенттер үшін еш қиындық тудырмайды.
Пайдалы тәжірибе
Қытай елінің мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан ғылымы мен таңқаларлық жаңалықтары тарих бетіне жазылып қойылғаны белгілі. Осы кезеңге дейін, қытайлықтар жер бетіндегі халықтың өміріне қатысты барлық игілікті істерге өз үлестерін қосып келеді Оның ішінде, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, кәсіпкерлік, математика мен философия сияқты пәндерге де қатысты . Қытай мемлекеті өз мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне қаншама тер төкті! Қытайдың осы жақсы қырлары басқа елден келген әрбір азамат үшін,жақсы әсер қалдыруда. Қытайдың қазіргі заман үрдістері мен ежелгі мәдениетіне тоқталатын болсақ, оны өзіңіз көріп, сезіне білсеңіз, одан асқан керемет жоқ!
Қытайда білім алу студенттерге тек ғылымды үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар Қытайдың білімін, халқының өмірін, жерінің тарихы жайлы да мағлұмат бере алады.
Мұнда студенттер осы кереметтерді өз көздерімен көру мүмкіндіктеріне ие бола алады.
Студенттерге қойылатын шектеулер
Қытай — адамгершілік құндылықтар мен өзіндік өмір сүру дәстүрлерін қатты сақтаған ел. Егер сіз осы мемлекетте білім алуды шешсеңіз және ұзақ уақыт бойы тұрақтап қалғыңыз келсе, осыларды жадыңызға түйіп алыңыз. Әрине, қазір 21 ғасыр, ортағасырлық тыйымдарды ешкім қолдана бермейді, сонымен қатар Батыстың өмір салттары да ақырындап Қытай жеріне келе бастады. Осы уақытқа дейін қоғамда, өмірдің кез-келген саласына қатысты көптеген жазылмаған ережелері бар. Бұдан бөлек өте маңызды мәселе — білім беру саласы және оған байланысты ережелер. Шетелдік студент бұл жағдайларды біліп,есінде сақтауы қажет. Ғаламтордан бастасақ. Қытайда Вайбер, Инстаграм, Гугл, Фейсбук, Ватсап және тағы басқа кейбір заманауи әлеуметтік желілерін көп пайдалануға тыйым салынған. Бұл жергілікті қауіпсіздік қызметі тарапынан өте мұқият қадағаланып отырады, сондықтан студент Қытайда болған кезде осы ресурстардан бас тарта тұрғаны дұрысырақ. Тағы бір айта кететін жайт-жұмыс жайлы.
Қызықты болып көрінуі мүмкін, бірақ оқып та жүріп,қосымша жұмыс жасайтын жастардың бұл ісін барлығымыз да қолдаймыз.Дегенмен,Қытайда студенттердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.Тек сабақтарына баса назар аудару керек. Бұл жағынан еш уайымдамасаңыз болады, Қытайда студенттер жақсы стипендия алады. Егер жұмыс істеп,өзімнің алғашқы миллионымды тапсам деген арманыңыз болса, онда жақын арада елден кетуге дайындала беріңіз. Талапқа сай қағиданы бұзғаныңыз үшін,Қытайдың бақылау қызметі визаңыздың күшін жояды. Университетте себепсіз бармай қалуға болмайды.Мұның бәрі қатты қадағаланып отырады. Кез –келген заң бұзушылық, ЖОО-нан шеттетілу деген сөз. Тағы бір айта кететін жайт, студенттердің киім киісі-бірқалыпта болуы қажет.Кейбір оқу орындарының өзіндік стильдегі дресс-кодтары бар. Қытайда оқып,білім аламын дейтін жастар үшін,кем дегенде қытай тілін бастапқы деңгейде білу қажет. Әрине, ағылшын тілінде де көптеген бағдарламалар бар, бірақ олар әлдеқайда қымбат. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда, Қытайға оқуға барамын деп шешім қабылдағаннан кейін, қытай тілін үйренуге кірісу керек. Бұдан басқа, жоғары стандарттағы білім беру құжаттары тек Қытайдың мемлекеттік тілінде білім алған студенттерге ғана беріледі. Ең қабілетті деген студенттің өзі қытай тілін жақсы білмесе, магистр дәрежесін ала алмайды. Жергілікті тұрғындармен сөйлесу үшін де, қытай тілін білу артық етпейді. Қытайлықтардың барлығы болмаса да, басым көпшілігі, ана тілінен басқа, ағылшын немесе өзге елдердің де тілін жақсы біледі.Қарапайым мысал,-егер сіз телефонмен тамаққа тапсырыс бергіңіз келсе, оператормен тек қытай тілінде сөйлесуіңіз керек. Өйткені қытай тілі оператормен байланысқа түсетін және ол сөйлей алатын жалғыз тіл болып саналады.
Қытайдағы оқу ақысы
Стоимость | Длительность | |
Летний лагерь | от 672 до 755 евро в неделю | 1-12 недель |
Языковые школы | от 405 до 453 евро в неделю | 1-24 недель |
Среднее образование | от 2495 до 5980 евро в год | 1-12 лет |
Подготовка к университету | от 2950 до 5120 евро в год | Длительность 1 год |
Бакалавриат | от 1050 до 5100 евро в год | 3-5 лет |
Магистратура | от 1000 до 5130 евро в год | 2-3 года |
МВА | от 3500 до 8150 евро в год | 1-2 года |
Докторантура | от 1000 до 41010 евро в год | 2-4 года |
Жилье – от 168 до 340 долларов в месяц.
Питание – от 146 до 240 долларов в месяц.
Транспорт – от 18 до 44 долларов в месяц.
Связь – от 31 до 37 долларов в месяц.
Одежда – от 24 до 89 долларов в месяц.
Бағасы Мерзімі
Жазғы демалыс орны аптасына 672-755 евро 1-12 апта
Тіл үйрету мектебі аптасына 405-453 евро 1-24 апта
Орта білім алу жылына 2495-5980 евро 1-12 жыл
Университетке дайындық жылына 2950-5120 евро 1 жыл
Бакалавриат жылына 1000-5130 евро 2-3 жыл
МВА жылына 3500-8150 евро 1-2 жыл
Докторантура жылына 1000-41010 евро 2-4 жыл
Тұратын жер- айына 168-340 доллар
Азық-түлік — айына 146-240 доллар
Көлікпен жүру-айына 18-44 доллар
Байланыс –айына 31-37 доллар
Киім-айына 24-89 доллар