Обучение в Китае
Гранты, скидки, стипендии

Сәлеметсіздер ме! Менің атым Артур.

Сәлеметсіздер ме! Менің атым Артур. Хэбэй университетінің 1 курс студентімін.Мен жалпы институт жайлы мағлұмат беріп өтсем деймін. Институт Дайхэ өзені мен Бохай теңізінің жағалауында орналасқан. Институтта 400 ден аса қытайлық мұғалімдер, 20 шақты шетелдік ұстаздар білім береді.Және көптеген шетелдік стденттер оқиды. Жатақхана жайлы айтатын болсам, қонақүй тәріздес, шетелдік студенттерге арналған, ішінде керует, жұмыс столы, шкаф, жуынатын бөлме, асүй, кір жуатын машина, тоңазытқыш,микротолқынды пеші бар бөлмелер бар.Бөлмемізде интернет те орнатылған.Осындай жатақханаларда кез-келген сұрақтарыңызға жауап беретін консьерж бар. Жатақханадан оқу корпусына дейін 5-10 минутта жетуге болады. Ал курстастарыңмен бір бөлмеде тұру өте қызық. Сабаққа бірге дайындаламыз, үй тапсырмаларын бірге орындаймыз.Шетелдік студентпен тұратын болсаң, ағылшын тілінде сөйлеуге тырысамыз.Тілімізді жаттықтырамыз.Кампус аймағында асханалар көп.Сондықтан студенттер өзіне ұнайтын тағамдарды осы жерлерден таба алады. Қытай, мұсылман асханалары және тез дайындалатын тағамдар желісі де бар.Кампустың қасында футбол, баскетбол,волейбол, теннис және тренажер залдары орналасқан.Спортты жақсы көретіндер үшін барлық жағдайлар жасалынған.Бұл институтта оқыған маған қатты ұнайды. Panda Education компаниясына алғысым шексіз!!!!!