Обучение в Китае
Гранты, скидки, стипендии

Сәлем! Менің атым Айжан. Семей

Сәлем! Менің атым Айжан. Семей қаласынанмын. Циньхуандао қаласында орналасқан Хэбэй Халықаралық Бизнес және Экономика Университетінің студентімін. Бұл оқу орнына 9-сыныптан кейін түстім.Бастапқыда Қытайға баратын ойымды ата-анама айтқанда, олар қарсы болды. Әрине, 15 жастағы мені шетелге жіберуге қорқасоқтады. Дегенмен, біраз ойланып, өз келісімдерін берді. Одан әрі құжаттар жинау, виза рәсімдеу т.б.. Осылайша менің студенттік өмірім басталып кетті. Қала туралы айтатын болсам. Циньхуандао Хэбей провинциясының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.Қаланың солтүстігінде Яньшань таулы қыраты, оңтүстігінде Бохай бұғазы, ал батыс бөлігінде — Пекин и Тяньцзинь орналасқан. Циньхуандао Хэбей провинциясының экономикалық дамуы жағынан орталық қаласы болып саналады.Сонымен қатар Яньшан университетінің қарамағындағы экспортты өңдеу мен ғылыми зерттеу саябағы бар. 2010 жылы Циньхуандао халықтың өмір сүруіне өте қолайлы қалалардың қатарына кірген.Қала өте тап-таза. Жан-жағы орман. Шетелден туристер көптеп келеді. Қытай бойынша ең таза қалалардың бірі. Бэйдайхэ курорты,Цзяошань тауы, Яньсай өзені, сафари саябағы барлығы осы жерде. Ұлы Қытай қорғаны да осы жерден басталады.Қаланың сұлулығын сөзбен жеткізіп айту мүмкін емес.Оның кереметін өз көзіңізбен көруіңіз керек! Сондықтан да, 9-сыныпты бітіруші түлектер! Хэбэй университетіне келіңіздер!