Барлықтарыңа сәлем! Менің атым Бексұлтан.

Барлықтарыңа сәлем! Менің атым Бексұлтан. Қазір Шанхайдағы Шанхай университетінде оқимын. Шанхайға алғаш келгенде, мен қаланың қаншалықты үлкен екеніндігіне таң қалдым. Мен тек фотосуреттер арқылы ғана көрген едім.Енді өз көзіммен көргеніме қатты қуандым.Маған қала өте ұнайды. Ол өте үлкен. Көп қызықты нәрселер бар. Көптеген көрікті жерлер. Осы қаладан алған әсерлерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Университетте достарыммен сабақ жайлы көп сөйлесеміз, қытайлықтармен әңгімелесіп ,тәжірибе алмасамыз, олармен сабаққа бірге барамыз. Сабақтар өте қызықты, өйткені шетелдіктер мен қытайлықтармен бірге өтеді.
Қытайлықлық студенттермен оқыған маған ұнайды, өйткені оларда мәдениет, өмір туралы жаңаша көзқарастар бар. Оларды тыңдау өте қызықты. Мен екі бөлмелі жатақханада тұрамын, көршім алматылық жігіт. Біз бірге тамақ пісіреміз, бірге спорттық үйірмелерге қатысамыз. Қиындық туындап жатса, мәселелерді бірге шешуге тырысамыз. Басқа бөлмеде тұратын қыз-жігіттермен де достасып алдым. Біздің университетімізде түрлі үйірмелер өткізіледі. Сондай-ақ әр түрлі кәсіпкерлер ұйымдастыратын баспасөз конференцияларына барып тұрамыз.Өйткені олардың айтатын ақыл-кеңестері бізге. болашақта өте қажет болады.

Заказать бесплатную консультацию специалиста

Мы свяжемся с вами, чтобы ответить на ваши вопросы