Барлықтарыңызға сәлем! Менің атым Мархабат.

Барлықтарыңызға сәлем! Менің атым Мархабат. Нанкин қаласы, Джансу провинциясында орналасқан JIC институтының 1-курс студентімін.Қазір қытай тілін үйреніп жатырмын.Бастапқыда бәрі мен үшін қиын болды. Сөздерді айта алмай қиналдым. Қазір жәймендеп барлығы бір қалыпқа түсіп келеді. Алынбайтын қамал жоқ.))) Институтта үлкен кітапхана бар. Бос уақытымды сол жерде өткізуге тырысамын. Көбіне қытай әдеби, көркем шығармаларын, ақындарының өлеңдерін оқимын. Тілім қытай тіліне жаттыға берсін деген оймен.Дегенмен, шығармалары өте қызықты. Жатақханам таза, жылы. Бөлмеде 2 қыз тұрамыз. Аты Сая. Павлодар қаласынан. Екеуміз жақсы тіл табысып, достасып кеттік.Сабаққа бірге дайындаламыз.Білмегенімізді бір-бірімізден сұраймыз.Кампустың аумағында банк, дүкен, асхана бар. Үлкен саябақ та бар. Үзілісте сол жерге барып демаламыз.Студенттік өмірім қызықты өтуде.Мен үшін өмірімнің жаңа белестері басталды!!!!!

Заказать бесплатную консультацию специалиста

Мы свяжемся с вами, чтобы ответить на ваши вопросы