Сәлем! Менің атым Нұржан. Алматы

Сәлем! Менің атым Нұржан. Алматы қаласынанмын. Жасым 21-де. Орта жоғары білімім бар. Алматыда колледж бітіргенмін. Қазір Гуанчжоу университетінің тіл үйрену курсында оқып жатырмын.Қала жайлы шағын ақпарат айтып өтсем. Бұрын Қытайдың оңтүстігіндегі саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени және көлік орталығы болып табылатын Гуандун провинциясының астанасы болған. 14 миллионнан астам адам тұратын Гуанчжоу, Қытайдың Шанхай және Пекиннен кейінгі халық көп орналасқан үшінші қаласы болып табылады.
Гуанчжоу – 2000 жылдан астам тарихы бар Қытайдың 24 тарихи қалаларының бірі.Аңызға сүйенетін болсақ, қала 862 жылы құрылған. 2000 жылдан астам уақыт бұрын Батыс хан дәуірінде ,сауда порты құрылған, оның ішінде басқа елдердің кемелері осы портқа тоқтап, қытай тауарларын сатып алған. Цинь және Хань әулетінің кеме қалдықтары біздің заманымызға дейін сақталған деген де мәліметтер бар.Сонымен қатар, көптеген ғасырлар бойы Теңіз Жібек жолы Гуанчжоудан бастау алған екен.Қаланың тарихы өте мол.Осындай қалада оқып жатырғаныма мен қуанамын. Университеттің білім беру жүйесі де ұнайды. Оқытушылар да өте білімді.Жергілікті ұстаздармен бірге, бізге шетелден келген оқытушылар да сабақ береді. Оқу корпустарында студенттердің барлық жағдайлары жасалынған. Соңғы үлгідегі компьютерлер, техникалар т.б. Университеттің үлкен кітапханасы бар. Кітап қоры өте үлкен.Қазақстаннан келіп, оқып жатқан студенттер өте көп. Әр демалыста кездесіп тұрамыз. Қаланы аралап, серуендейміз. Қызықты жерлеріне барамыз. Театрларға да жиі барамыз. Барлығы жақсы. Биік ғимараттар көп.Әсерім де керемет. Panda Education компаниясы,Сіздерге рахмет!Жұмыстарыңызға сәттілік!

Заказать бесплатную консультацию специалиста

Мы свяжемся с вами, чтобы ответить на ваши вопросы