Сәлем! Менің атым Расул. Мен

Сәлем! Менің атым Расул. Мен Ақтау қаласынанмын. Нанкин Политехникалық Институтының студентімін. Қазіргі кезде тіл үйрену курсында оқимын.Бастапқыда барлығы мен үшін таныс емес нәрселер болды. Бейтаныс қала, бейтаныс көшелер, бейтаныс адамдар дегендей. Басқа әлемге тап болғандай күй кештім.))) Бір айдай шетелдік студенттермен толыққанды әңгімелесе де алмадым. Тек қазақстандық студенттермен ғана сөйлесіп жүрдім. Өйткені, қытай тілін мүлде білмей бардым. Қытай тілін үйренгенше ағылшын тілінде сөйлеу керек болды. Менің ағылшын тілін дұрыс білмеуім біраз кедергі болды. Сондықтан, биыл оқуға түсушілерге айтарым, ағылшын тілін шамалы болса да біліп барыңыздар дегім келеді.Қазір менде бәрі жақсы. Қытай тілін 100 пайыз болмаса да, біраз үйрендім. Достарым да көп. Тілімді жаттықтыру үшін олармен қытай тілінде жиі сөйлесуге тырысамын.Қателер де кетіп жатады.))) Бірақ олар, еш күлмей менің қателерімді жөнге салып жатады. Мен оған ренжімеймін.Қайта қуанамын.Осылайша тәжірибе де жинай бастадым. Қытайша әдеби кітаптарды да оқи бастадым. Телевизордан жаңалықтарды да қытай тілінде көремін. Қытай тілін жетік меңгерсем деген арманым бар.Сол мақсатыма жететін күн де алыс емес!!!!

Заказать бесплатную консультацию специалиста

Мы свяжемся с вами, чтобы ответить на ваши вопросы