Қытайда тегін білім алу

9-11 сынып бітіруші және университет түлектеріне

– Грантқа түсу
– ҰБТ/ТКТ/емтихандарын тапсыру қажет емес
– Ағылшын / Қытай тілдерін білу керек емес
– Халықаралық деңгейдегі дипломға ие болу
– Қытайға шығарып салу/Жұмысқа орналастыру

Грантқа өтініш
Орын саны шектеулі! Үлгеріңіз!

9

ТМД елдерінің білім беру нарығында 9 жыл Қытайға студенттерді жіберу жөнінде халықаралық дәрежедегі компания

67

Қытайдың топ-университеттерімен эксклюзивті келісім-шарттар

3,285

Біздің бағдарлама арқылы 3258 адам грантқа ие болды

6

Қазақстан, Қытай, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде 6 офис жұмыс істейді

Сіздерге ұсынатын Қытайдағы грант бағдарламалары:

Консультации по обучению в Китае!

Мы помогаем студентам поступить в вузы Китая.

Заполните форму, чтобы мы смогли ответить на ваши вопросы 🙂

менеджер-4-1

МАГИСТРАТУРА

Сұраныс қалдырыңыз да Қытайда оқу туралы кеңес алыңыз

Қытайда білім алу

Неліктен Қытайда білім алсам дейтін студенттер саны жыл сайын артып келеді?

ШӘКІРТАҚЫ

Қытай ЖОО-ы шетелдік студенттердің біліміне үлкен қаржы бөледі. Сіз тамаққа және тұратын жеріңізге кететін шығындарды жаба аласыз.

ТӘЖІРИБЕ

Мамандығыңыз бойынша оқу орнын бітіретін кезде,сіз міндетті түрде Қытайдың бейімделген компанияларынан өндірістік тәжірибеден өтуіңіз қажет.Белсенді студент жұмыспен қамтамасыз етіледі.

ХАЛЫҚАРЫЛЫҚ ДИПЛОМ

Қытай университетін аяқтағаннан кейін,сіз мемлекеттік үлгідегі халықаралық дипломға ие боласыз. Қазақстанның барлық университеттері Қытай үкіметімен тығыз байланыс орнатқан.

2020-2021 жылдағы грантқа түскендердің тізімі

1183 студент

Студенттер тізімі 2020-2021.xlsx

Тегін білім алуға қарапайым 6 қадам ғана

1. САЙТТА ӨТІНІШ ҚАЛДЫРУ
2. ЖОО ТАҢДАУ ЖӘНЕ ГРАНТТЫ РӘСІМДЕУ
3. ЖОО-НА ҚҰЖАТ ЖИНАУ МЕН ТАПСЫРУҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ

4. ӘУЕЖАЙДА ҚАРСЫ АЛУ

5. ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСТЫРУ

6. КУРАТОРДАН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ КӨМЕК АЛУ

Қытайда білім алу

образование в Китае
  • Қазіргі таңда дүниежүзі жастарының Қытайда білім алуға деген құштарлықтары күннен-күнге артып келеді және қызығушылықтарын арттыруда. Қытай тек АҚШ пен Ұлыбританиядан кейінгі орынды иеленсе де, Қытайда білім алғысы келетін жастардың саны азаяр емес.Англия,Германия,Чехия және АҚШ-та емес, Қытайда оқығысы келетін қазақстандықтардың саны өте көп. Қытайда білім алу несімен қызықты және білім алу жүйесі қандай? Бұл жөнінде әрі қарай толықтырып айтатын боламыз. Қазақстандықтар үшін Қытай елінде білім алудың бірінші себебі-қытай тілін 100 % меңгеру және табысты мансапқа жету. Бұл жерде  табысқа қол жетуді үш түрге бөліп қарастырсақ болады:

    • Батыстық компанияларда табысқа жету.Қытай-АҚШ және басқа да европалық елдер үшін стратегиялық сауда серіктесі болып табылады.Сондықтан осы саладағы батыстық компаниялар үшін,қытай тілін жетік меңгерген мамандар үлкен сұранысқа ие.Осындай қызметкерлер-көптеген сұрақтардың шешімін тауып,екі ел арасында ынтымақтастық орнатуға өз үлесін қосып жатады.
    • Қазақстанда табысқа жету. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда ҚХР-мен тікелей жұмыс жасайтын ұлттық сауда,инвестициялық және логистикалық фирмалар саны біршама өсті десек болады.Сонымен қатар,қытайлық ірі компаниялардың Қазақстан нарығындағы үлес саны да көбейіп келеді. Бұл дегеніміз қытай тілін жақсы меңгерген қызметкерлерге сұраныстың да жоғары болатынын көрсетеді.Тіпті ең жас маманның өзі, табысты қызметке орналасу мүмкіндігіне ие бола алады деген сөз.
    • ҚХР-да табысқа жету. Сөз жоқ,Қытай елі тек жақсы білім беріп қана қоймайды.Жергілікті бизнестің қыр-сырын да үйренуге үлкен мүмкіндік береді.Білім алу барысы мен тәжірибе алмасу кезінде, әлеуеті жоғары  жұмыс берушілермен танысып,әрі қарай табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болып қалуыңыз да ғажап емес.
    • Қытайда білім алудың тағы бір ерекшелігі-ұлттық білім жүйесінің өте жоғары деңгейде болуында. Оның дәлелі-техникалық, гуманитарлық, медициналық және экономикалық салалар бойынша,үлкен жетістіктерге қол жеткізген мамандар осы Қытай елінде көптеп кездеседі. Ғылыми прогресстің қарқынды дамуының құпиясы неде? Оның шешімі-жоғары,тіпті қатаң,бірқалыпты білім жүйесін қолдануда.Бұл жерде барлығы пәндік жүйеге бағынады:сабаққа себепсіз келмей қалуға болмайды,оқу көрсеткіші ортадан жоғары болу шарт,студенттік өмірге ұқыпсыздықпен қарамау керек. Егер осындай жағдайлар кездесіп жатса,студент оқу орнынан шығарылады.
    • Қазақстандықтарды Қытай тек білімімен ғана емес, қауіпсіздік саласының да өте жоғары деңгейде екендігімен  таңқалдырады. ҚХР-ның халық саны 1 млрд.асады.Сондықтан,тұрғындардың қауіпсіздігі әрқашанда да бірінші орында. Құқық қорғау мен жоғары деңгейде қамтылған заманауи технологиялар жүйесі әрбір тұрғын үшін,адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алуға болатынына кепілдік бере алады.Сонымен қатар,шетелдік студенттер тұратын кампустар тәулік бойы бақылауда. Студенттік қалашықтың әр бұрышында бақылау пункттері жұмыс істейді.

     

Қытайлықтардың шетелдік студенттерге деген қарым-қатынасын да айта кетсек болады. Басқа мемлекеттен келген студенттерді ұстаздар мен жергілікті студенттер қуана қарсы алады.Сондықтан,егер шетелдік студенттерге білім жағынан сұрақтар туындап  жатса немесе кампуста бір түсінбеушіліктер болса,кімнен көмек сұрау керек екені айтпаса да түсінікті болар.

Қытайдағы білім алу жүйесі бірнеше деңгейден тұрады-қазақстандықтар өз қалауы бойынша кез-келген түрінен бастай алады:

  • Мектеп. Бұл жерге ҚР-ның орта білім беретін мектептерін бітірген оқушылар қабылданады. Тәжирибе бойынша, Қытайда білім алу барысында, ең сұранысқа ие ол – 9 сыныптан кейін оқуға түсу.
  • Бакалавриат – 4-5 жылға арналған бағдарлама
  • Магистратура – 2-3 жыл білім алу
  • Докторантура – орта есеппен алғанда,яғни таңдаған мамандығына байланысты  2-4 жылды қамтиды

Қытай Университеттері

ҚХР-да шетелдік студенттерді қабылдайтын жүздеген ЖОО-ы бар. Олардың арасында беделді деген бірнешеуін атап өтсек.

  • Пекин технология университеті (Beijing University of Technology) – Қытайдағы ең көпсалалы оқу орны болып саналады: 43- бакалаврлық,81- магистрлік,45- докторлық бағдарламаларды қамтитын бұл оқу орны, XXI ғасырдың үздік  ТОП-100 университеттер рейтингіне кіреді. Басты мамандықтар: экономика, техника,  гуманитаристика және басқару.
  • Ауылшаруашылық университеті (China Agricultural University) – ауылшаруашылығы, ветеринарлық медицина, биология және инженерия мамандықтары бойынша студенттер қабылдайтын бірегей оқу орны.
  • Фудань университеті (Fudan University) –рейтинг бойынша,Қытай ЖОО-ның арасында әрдайым алғашқы орындардан көрінетін университет. 17 институты, оның ішінде бакалавр үшін-73, магистрлер үшін-156, докторанттар үшін-201 бағдарламаларды ұсынатын 69 факультеті бар.
  • Чунцин университеті (ChongQing University) –Қытайдағы сәулет өнері бойынша ең үлкен ғылыми-зерттеу университеті болып саналады. Инженерия, медицина, экономика және қаржы, құқық, педагогика салалары бойынша студенттер қабылдайды.
  • Цинхуа университеті (Tsinghua University) – философия, тарих, журналистика, өндірістік дизайн, живопись сияқты гуманитарлық және шығармашылық мамандар даярлайтын оқу орны.
  • Нанкин университеті (Nanjing University) –рейтинг бойынша,Қытайдағы 5 үздік ЖОО-ның қатарына кіреді. Бұл жерде Қытайдағы ең үлкен ғылыми кітапхана, ғылыми зертханалар бөлімдері мен компьютерлік орталықтар орналасқан. Университет қарамағында  көпсалалы 157 институт бар.
  • Тунцзи университеті (Tongji University) – ЖОО-да сәулет және құрылыс мамандықтары бойынша білім алуға болады. Сонымен қатар, құқық, өнер,медицина, инженерия және табиғи ғылымдар секілді бағдарламалар да жақсы дамыған.
  • Хэйлунцзян университеті- (University of Heilongjiang) –Харбин қаласында орналасқан ЖОО-ы. Негізгі мамандықтар – әлеуметтік ғылымдар, шығармашылық мамандықтар даярлау және шетел тілдерін үйрету болып саналады.
  • Қытай Халық университеті- (Renmin University) – әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша үздік саналатын Пекиндегі ЖОО-ы. Университеттегі сұранысқа ие мамандықтар: құқық, журналистика және экономика.

Қытайда білім алу барлық адамға қолжетімді деп айтуға болмайды ,дегенмен Батыс Европа және АҚШ мемлекеттеріндегі оқу ақыларымен салыстырғанда, біршама арзан. Орташа есеппен шаққанда:

  • бакалавриат – жылына 2-3 мың доллар ;
  • магистратура – жылына 3-4 мың доллар;

Нақты баға құны үш факторға байланысты:

  1. Университет рейтингі мен деңгейі
  2. Мамандықтар
  3. Тіл үйрету

Сонымен,медициналық білім алу Қытайда көп қаражатты талап етеді, педагогика, тарих, философия және құқық бойынша білім алу-қолжетімді .Оқу  ағылшын емес, тек қытай тілінде жүргізілетін болса,екі есе арзанырақ болады.

Студенттердің Қытайда басқа да төлейтін шығындары бар.

  • Қытайда тұру – студенттер үш жағдайда қарастыра алады: жатақхана-тәулігіне 3 немесе 10 доллар; бір отбасы тұратын үйден бөлме жалдау- тәулігіне 30 доллар, (тамағымен қоса ), кампусқа жақын жерден пәтер жалдау-айына 300-450 долларды құрайды.
  • Сақтандыру – 50 доллар
  • Тамақтану – күніне 5-6 доллар

Сонымен қатар,оқулықтар алуға да артық қаражат қажет болады.

Тегін білім алу

Егер студенттің Қытайда білім алуға қаржылай жағдайы болмаса, бұл өз ойынан бас тарту деген сөз емес.Қытайда тегін білім алуға да болады.Ел үкіметі жастарға арнайы гранттар бөлуді,оның ішінде студенттердің шығындарын  жартылай және толық төлеп беру жағын да қарастырған. Осындай гранттарға қазақстандықтар да ие болуда.Олар стипендияның үш түрініңбірін иемдене алады;

  1. мемлекет дайындаған стипендия
  2. жергілікті және университет стипендиясы
  3. Конфуций атындағы стипендия.  Студенттердің және университет өкілдерінің айтуынша ,Қытайда  Chinese Government Scholarship Scheme бағдарламасы бойынша берілетін грант ең тиімді болып саналады.Cтипендияны алу үшін бірнеше тапсырманы орындау керек.

Қаланы дұрыс таңдау. Қаланың инфрақұрылымы мен экономикасына басты назар аудару керек. Өйткені,болашақта жұмысқа орналасу жағына көмегі тиіп қалуы ықтимал.

ЖОО таңдау.Қаладағы барлық университеттер жайлы ақпарат жинаңыз;сайттардан оқу орны жайлы пікірлердіоқыңыз, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу жөніндегі мағлұматтарымен танысыңыз,студенттік форумдарға қатысыңыз және әлеуметтік желілермен жұмыс жасаңыз.

Құжат дайындау.Өзіңіз қалаған грантқа жартылай немесе толықтай ақысыз қол жеткізу үшін,міндетті түрде мына құжаттарды жинап, тапсыру керек:

  • -Стипендия алуға өтініш беру-оның үлгісін http://www.campuschina.org сайтына кіріп,алуға болады.
  • -Медициналық анықтама-жоғарыда көрсетілген сайттан таба аласыз.
  • -Білімі жайлы расталған құжат:орта білімі жайлы аттестат, диплом (қосымшасымен), барлығы нотариалды түрде бекітілген болуы шарт
  • -HSK сертификаты, қытай тілін жетік меңгергенін растайтын құжат, бакалавр бойынша-төрт немесе одан да жоғары деңгейде болу керек, магистрлер үшін-бесінші деңгей. Сонымен қатар, магистратураға қабылдану үшін HSKK сертификаты талап етіледі. Егер оқу түрі ағылшын тілінде өтетін болса, онда IELTS немесе  TOEFL сертификаттары болу керек.
  • -ЖОО қабылданған студенттің оқу орнындағы міндеттері; зерттеу жұмыстары мен жоспарлары қытай және ағылшын тілдерінде жазылу керек. Көлемі: бакалавр үшін-200 сөз, сынақ мерзімінен өтушілер үшін-500 сөз, магистрлар үшін-800 сөз.
  • -ресми ұсыныс хат-тек магистрлар үшін қажет

Құжаттарды Қытай елшілігі немесе тікелей ЖОО-ы арқылы тапсыруға болады. Стипендияға өтініштерді қабылдау қаңтар айынан басталып, наурыз немесе сәуір айының басында аяқталады. Нақты уақыты университеттерге байланысты өзгеріп тұруы да мүмкін, сондықтан осы кезең аралығында ЖОО-ын  асықпай таңдасаңыз болады.

Біз 300-ден астам студенттерді Қытайдағы жоғары оқу орындарына грантқа түсуге көмек бердік, сіз де олардың арасына қосыла аласыз.

Сұраныс қалдырыңыз

Сұрақтарға жауап

Қызмет құны толығымен таңдалған университетке және оқу бағдарламасына байланысты. Сіз бұл ақпаратты біздің менеджерлерден біле аласыз

Визаны өзініңіз тұрғылықты жеріңіздегі кез келген визалық орталық арқылы жасауыңыз болады, алайда егер оған уақыт болмаса немесе ондай орталықтар (агенттіктер) болмаса, біз визаны рәсімдеуді өз мойнымызға аламыз.

Көптеген гранттық бағдарламалар үшін университеттер он жұмыс күні ішінде жауап береді, бірақ кейбіреулер үшін бұл кезең екі аптаға дейін созылуы мүмкін.

Әрине, біз көмектесеміз! Біз сізге қандай құжаттар қажет және олар туралы кеңес береміз және әрқашан оларды қайда және қалай жинау керектігін айтамыз.

Біздің студенттер пікірі

Сәлеметсіздер ме! Менің атым Артур. Хэбэй университетінің 1 курс студентімін.Мен жалпы институт жайлы мағлұмат беріп өтсем деймін. Институт Дайхэ өзені мен Бохай теңізінің жағалауында орналасқан. Институтта 400 ден аса қытайлық мұғалімдер, 20 шақты шетелдік ұстаздар білім береді.Және көптеген шетелдік стденттер оқиды. Жатақхана жайлы айтатын болсам, қонақүй тәріздес, шетелдік студенттерге арналған, ішінде керует, жұмыс столы, шкаф, жуынатын бөлме, асүй, кір жуатын машина, тоңазытқыш,микротолқынды пеші бар бөлмелер бар.Бөлмемізде интернет те орнатылған.Осындай жатақханаларда кез-келген сұрақтарыңызға жауап беретін консьерж бар. Жатақханадан оқу корпусына дейін 5-10 минутта жетуге болады. Ал курстастарыңмен бір бөлмеде тұру өте қызық. Сабаққа бірге дайындаламыз, үй тапсырмаларын бірге орындаймыз.Шетелдік студентпен тұратын болсаң, ағылшын тілінде сөйлеуге тырысамыз.Тілімізді жаттықтырамыз.Кампус аймағында асханалар көп.Сондықтан студенттер өзіне ұнайтын тағамдарды осы жерлерден таба алады. Қытай, мұсылман асханалары және тез дайындалатын тағамдар желісі де бар.Кампустың қасында футбол, баскетбол,волейбол, теннис және тренажер залдары орналасқан.Спортты жақсы көретіндер үшін барлық жағдайлар жасалынған.Бұл институтта оқыған маған қатты ұнайды. Panda Education компаниясына алғысым шексіз!!!!!

Артур
Хэбэй Халықаралық Бизнес және Экономика Институты

Сәлем! Менің атым Расул. Мен Ақтау қаласынанмын. Нанкин Политехникалық Институтының студентімін. Қазіргі кезде тіл үйрену курсында оқимын.Бастапқыда барлығы мен үшін таныс емес нәрселер болды. Бейтаныс қала, бейтаныс көшелер, бейтаныс адамдар дегендей. Басқа әлемге тап болғандай күй кештім.))) Бір айдай шетелдік студенттермен толыққанды әңгімелесе де алмадым. Тек қазақстандық студенттермен ғана сөйлесіп жүрдім. Өйткені, қытай тілін мүлде білмей бардым. Қытай тілін үйренгенше ағылшын тілінде сөйлеу керек болды. Менің ағылшын тілін дұрыс білмеуім біраз кедергі болды. Сондықтан, биыл оқуға түсушілерге айтарым, ағылшын тілін шамалы болса да біліп барыңыздар дегім келеді.Қазір менде бәрі жақсы. Қытай тілін 100 пайыз болмаса да, біраз үйрендім. Достарым да көп. Тілімді жаттықтыру үшін олармен қытай тілінде жиі сөйлесуге тырысамын.Қателер де кетіп жатады.))) Бірақ олар, еш күлмей менің қателерімді жөнге салып жатады. Мен оған ренжімеймін.Қайта қуанамын.Осылайша тәжірибе де жинай бастадым. Қытайша әдеби кітаптарды да оқи бастадым. Телевизордан жаңалықтарды да қытай тілінде көремін. Қытай тілін жетік меңгерсем деген арманым бар.Сол мақсатыма жететін күн де алыс емес!!!!

Расул
NPI

Сәлем! Менің атым Дулат. Шымкент қаласынанмын. Ханчжоу қаласындағы мұнай университетінде оқимын. Оқуға биыл қабылдандым. Қытайға оқуға түскеніме қазір қатты қуанамын.Қазір тіл үйрену курсындамын. Бұйыртса, келесі жылы бакалавриатқа түссем деймін. Осы арманымның орындалғанын қатты қалаймын. Маған осындай мүмкіндік сыйлаған Panda Education компаниясына алғысым шексіз!!!! Және құжаттамалар бөліміне ерекше рахметімді айтамын. Құжат дайындағаннан бастап, Қытайға ұшамын дегенше барлық ақпаратты беріп отырды. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!!!

Дулат
ZGU

Бәріңе сәлем. Менің атым – Ержан. Мен Ақтөбе қаласынанмын. Қытайда, Шанхай қаласында оқимын. Мен болашақта кім болғым келеді? деген сұрақ барлық жастарды мазалайтыны белгілі. Менің ойымша, әрбір адамның өмірінде ең бастысы, оның өмірі, сол өмірде қол жеткізгісі келетін мақсаттары болу керек және білімді, табысты адам болуды армандайды. Менде осылай арман жетегімен Қытайға оқуға келдім. Қазақстанға оралғанда, мен өзімнің компаниямды ашқым келеді, осылайша Қазақстанның дамуына және болашағына аз да болса өз үлесімді қоссам деймін. Неліктен Қытайды таңдадым? Қытай болашағы зор, ерекше мемлекет. Білімі, экономикасы дамыған ел. Ол Шығыс Азияның дамыған мемлекеттерінің ішінен алғашқы орында тұр. Қытайға оқуға түскеніме өкінбеймін. Panda Education компаниясы! Тек алға!

Ержан
Шанхай Университеті

Сәлем! Менің атым Айжан. Семей қаласынанмын. Циньхуандао қаласында орналасқан Хэбэй Халықаралық Бизнес және Экономика Университетінің студентімін. Бұл оқу орнына 9-сыныптан кейін түстім.Бастапқыда Қытайға баратын ойымды ата-анама айтқанда, олар қарсы болды. Әрине, 15 жастағы мені шетелге жіберуге қорқасоқтады. Дегенмен, біраз ойланып, өз келісімдерін берді. Одан әрі құжаттар жинау, виза рәсімдеу т.б.. Осылайша менің студенттік өмірім басталып кетті. Қала туралы айтатын болсам. Циньхуандао Хэбей провинциясының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.Қаланың солтүстігінде Яньшань таулы қыраты, оңтүстігінде Бохай бұғазы, ал батыс бөлігінде — Пекин и Тяньцзинь орналасқан. Циньхуандао Хэбей провинциясының экономикалық дамуы жағынан орталық қаласы болып саналады.Сонымен қатар Яньшан университетінің қарамағындағы экспортты өңдеу мен ғылыми зерттеу саябағы бар. 2010 жылы Циньхуандао халықтың өмір сүруіне өте қолайлы қалалардың қатарына кірген.Қала өте тап-таза. Жан-жағы орман. Шетелден туристер көптеп келеді. Қытай бойынша ең таза қалалардың бірі. Бэйдайхэ курорты,Цзяошань тауы, Яньсай өзені, сафари саябағы барлығы осы жерде. Ұлы Қытай қорғаны да осы жерден басталады.Қаланың сұлулығын сөзбен жеткізіп айту мүмкін емес.Оның кереметін өз көзіңізбен көруіңіз керек! Сондықтан да, 9-сыныпты бітіруші түлектер! Хэбэй университетіне келіңіздер!

Айжан
Хэбэй ХалықаралықБизнес және Экономика Университеті

Сәлем! Менің атым Заңғар, мен Алматы қаласында тұрамын. Мен Хэбэй институтында оқидым. Маған қала ұнады, әдемі және таза. Университетте жауапты және кәсіби мұғалімдер жұмыс істейді. Алдымен мен Қытайға баруды көп ойландым. Бұған ата-анам да қарсы болған жоқ. Ешқандай алаңдаушылық болған жоқ. Қазір оқуым жақсы. Жатақхана таза, жылы, бөлмеде екі адам тұрамыз. Теледидар, шкафтар бар, барлығы жақсы, жиһаздар да жаңа. Кампус аймағында үш асхана бар: шағын асхана, үлкен асхана және орташа асхана.Тамақтары дәмді. Мен Panda Education компаниясына алғыс айтқым келеді. Және барлық қазақстандықтарды осында шақырамын!!!

Заңғар
Хэбэй Халықаралық Экономика және Бизнес Институты

Сәлеметсіздер ме! Менің атым Мақпал.Ақтау қаласынанмын.Нанкин Политехникалық Институтының 3-курс студентімін. Үш жылдың ішінде мен не үйрендім?Өзіме қажетті білімді ала алдым ба?Әрине, қытай тілінде 100 пайыз сөйлей де, жаза да аламын деп сенімді түрде айта аламын. Сапалы, жоғары білімді маман иесі болатыныма да күмәнім жоқ.Өзіме қажетті көптеген тәжірибе жинадым.Жалпы айтқанда, өзімді Қазақстанға керекті азамат ретінде көремін.Барлық білімім мен тәжірибемді Қазақстанға келіп жүзеге асырсам деймін. Институтта оқып жатқан барлық қазақстандық студенттердің арманы осы.Осындай тамаша мүмкіндік сыйлаған Panda Education компаниясына рахмет! Жұмыстарыңызға сәттілік!

Мақпал
NPI

Барлықтарыңызға сәлем! Менің атым Асылым. Мен Көкшетау қаласынанмын. 11- сыныпты бітіргеннен кейін мен 1 жыл оқуға түсе алмадым.Өйткені Ұлттық Бірыңғай Тест тапсырмадым. Осы аралықта әлеуметтік желіден Қытайға оқу жайлы ақпараттарды оқып қалдым. Қытайға оқуға түсу үшін ҰБТ тапсырмайды екенсің. Маған осы талап сай келді.Сонымен сайтқа өтініш қалдырдым.Міне, қазіргі таңда Нанкин Политехникалық Институтының студентімін. Институт Нанкин қаласында .Оқу орны 1937 жылы ашылған.Институт өте ыңғайлы жерде, қаланың орталығында орналасқан.Кампустың іші өте үлкен, кең. Мұнда білім алып жатқан шетелдік студенттер көп.Студенттер бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынаста. Кітапхана да бар. Кампустың жан-жағында дүкендер,асханалар орналасқан.Банкомат та бар. Маған Нанкин қатты ұнайды. Мектеп бітіруші түлектерге айтарым, Нанкинге келіңіздер!

Асылым
NPI

Сәлеметсіздер ме! Менің атым Жасын. Астана қаласының тұрғынымын.Чжэцзян қаржы және экономика университетінің студентімін.Университет Ханчжоу қаласында орналасқан. Оқу орнының негізі 1974 жылы қаланған екен. Содан бері қаншама студенттерге білім беріп келе жатқан университетке оқуға түскеніме мен өте қуаныштымын. Университет экономика пәндеріне баса мән береді,атап айтқанда ғылым, заң және гуманитарлық ғылымдар саласында білім береді.Мен экономика саласында оқып жатырмын. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Panda Education компаниясына рахмет!

Жасын
ZUFE

Сәлем! Менің атым Айсұлтан.Нанкин Политехникалық Университетінің 2 курс студентімін. Оқу орнына Panda Education компаниясы арқылы түстім. Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегімін. Нанкин қаласындағы Нанкин Политехникалық Университетінде оқимын. Мен мұнда студенттік өмір жайлы айтып бергім келеді, менің ойымша, мұнда шетел студенттері үшін ең жақсы жағдайлар жасалған. Оқу орнында әр елдің мәдениетін, тілін , дәстүрлерін біріктіру өте жақсы атмосфераны қалыптастырады. Кампустың жанында дүкен, мұсылман кафесі бар, тағамдары өте дәмді. Университет аймағында қонақ үйлер бар. Кешке біз қазақстандықтар, жиналып, шәй дайындаймыз.Әңгімелесеміз.Сабақ жайлы айтамыз. Бөлмеде тоңазытқыш, кондиционер, жуынатын бөлме бар бар. Мен Ганадан келген студентпен тұрамын, оның аты Мигель Екеуміз дос болып кеттік. Маған осындай мүмкіндік берген ата-анама рахмет.

Айсұлтан
NPI

Заказать бесплатную консультацию специалиста

Мы свяжемся с вами, чтобы ответить на ваши вопросы